Компания туралы
Компания
«ҚAZ NV Petroleum» жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясы (KAZ NV 2005) жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» (ҚМГ) Акционерлік қоғаммен құрылған.
Компанияның мақсаты
ҚМГҚ-ң негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы және халықаралық консорциум арасындағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімдегі (ӨБК) қазақстандық қатысу үлесін басқару болып табылады.
Компанияның үлесі
ҚAZ NV-ң ӨБК қатысу үлесі 16,88% құрайды.
ҚAZ NV рөлі мен функциясы
- ӨБК-да ҚМГ мүддесіне өкілдік ету және Солтүстік-Каспий жобасы шеңберінде Каспий теңізінде көмірсутек ресурстарын барлау және өндіру бойынша мұнай операцияларды жүргізуге қатысу.
- ҚAZ NV мұнай кен орындарды игеру бойынша ірі жобаларды өз бетінше іске асыру мақсатында дүниежүзілік класс компаниясы ретінде болу.
- Мердігерлік компания ретінде жобаны басқаруға қатысу.
- СКЖ бойынша мұнай операциялар мен өзге шығындарды қаржыландыру, есеп жүргізу.
- Қазақстандық қамту мен кадрларды ұлттандыруды арттыруға қатысу.
- Мұнай және ілеспе өнімдерді сұрыптау, тасымалдау мен маркетингті қамтамасыз ету.
Жоба туралы
Қашаған кен орны – осы күні ашылған ең ірі әрі қиын кен орындарының бірі, ол су бетінде шамамен 75 х 45 километрге тең ауданды алып жатыр, 4,65 млрд.тоннаға (36.6 млрд.баррель) бағаланған геологиялық қоры бар бірыңғай көмірсутек кені болып табылады.
Кен орынды игеру қиындығы коллектордың физикалық ерекшеліктерімен – жоғары қабат қысымы және қабатты флюидтегі күкіртті сутектің жоғары мөлшері, сондай-ақ кеннің географиялық орналасуымен шартталған – қыс уақытында мұз болып қалатын Каспий теңізінің таяз су қайраны.
Кен орынның аса күрделілігіне және оны игеру үшін бірегей техникалық және қаржылық шешімдер талап етілетініне байланысты 1997 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ұқсас мұнай-газ кен орындарды игеруде үлкен тәжірибесі бар халықаралық ірі компаниялардың өкілдерінен құрылған ОКИОК (Offshore Kazakhstan International Operating Company N.V.) халықаралық консорциумы арасында Өнім бөлісу туралы келісім (ӨБК) жасалды. 2001 жылы ОКИОК консорциумының функциялары Agip KCO компаниясына, ал 2008 жылы – жаңа Оператор – NCOC компаниясына (North Caspian Operating Company) берілді.
Толық ақпарат